12Қоғам

«Жетібай – Жаңаөзен» жолын қайта жаңарту жұмыстары биылғы маусым айының соңына дейін аяқталмақ

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық «Жетібай – Жаңаөзен» жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын. Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын.

Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. «Аккорд/Ақжол Құрылыс» БК және «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S» компаниялары» екі жыл ішінде жұмыстарға 976 адамды жұмысқа тартса, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды

Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2020 жылғы 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, жолдың 68,6 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның 57,4 шақырымы – І техникалық санаттағы, 11,2 шақырымы – ІІ техникалық санаттағы жолдар болмақ. Бұдан бөлек, мұнда 2 жол өтпесі, 25 су өткізгіш құбыр және мал өтпелері орнатылған.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 95,2% құрайды. 2017 жылы мұнда Бейнеуден Ақтау қаласының теңіз портына дейінгі аралықта жатқан «Бейнеу-Ақтау» автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты ірі жобаны жүзеге асыру шаралары аяқталған еді. Аталмыш жолдың ұзындығы 430 шақырымыды құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button