34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Әзірлік паспортын алмаған 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жылыту маусымына дайындық барысы жөніндегі баяндамасында айтты.
Министрдің айтуынша, жалпы алғанда республикасында жылу беру кезеңі тұрақты режимде өтті. Қысқы жүктеме максимумы 2020 жылдың 9 қаңтарында белгіленген және 15 182 МегоВатты құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 4 пайызға артық.
“226 энергия кәсіпорны немесе кәсіпорындардың 87 пайызы 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алды. Әзірлік паспортын алмаған 34 энергия кәсіпорны “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай кәсіпорындар үшін жылу беру маусымына дайын болмау салдарынан электр қуатын өшіру қаупі жоғары. Алайда, олар тыйымдардың болмауына байланысты өз қызметін әрі қарай жалғастыруда. Айыппұлдардың мөлшері аз болғандықтан, энергетикалық мекемелері жылу беру маусымына дайын болу үшін паспорт алудан бас тартып отыр. Бұл мәселе тұрақты түрде Министрлікпен көтерілуде, бірақ қолдау таппады”, – деді министр.
Сонымен қатар Нұрлан Ноғаев өткен жылыту кезеңінде электр желілерінде ірі технологиялық бұзушылықтар орын алғанын атап өтті.
“2019 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 3 996 технологиялық бұзушылық орын алды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 34-ке немесе 1,3 пайызға азайды, жылыту кезеңінде 135 немесе 6 пайызға өсті. 2019 жылғы 10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-РЭК» АҚ электр желілерінде 10 киловольт кабель желісі оқшауламасының зақымдануынан туындаған термиялық доға салдарынан «Левобережная» ҚС қосалқы станциясынан кабель арнасында өрт шықты. Бұл технологиялық бұзушылық 11 көп қабатты тұрғын үй мен Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы 25 әкімшілік ғимараттарының электр энергиясын беруді шектеуге алып келді”, – деді ол.
Сонымен қоса министр аймақтарда орын алған техникалық құқық бұзышулықтарға тоқталды.
“2019 жылғы 9 ақпанда Жамбыл облысындағы «KEGOC» АҚ электр желілерінде қолайсыз метеожағдайлар кезінде (желдің жылдамдығы 30 м/сек астам қатты шаңды боран) 500 киловольт «ЮКГРЭС» қосалқы станциясы аймағында 500 киловольт ӘЖ (әуе желілерінде) релелік пен автоматиканы қорғаудан авариялық ажыратуы орын алды. 2020 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, желдің екпіні 37 м/с дейін) 500 киловольттық бес желі және 200 киловольтттық үш желі өшірілді. Электр беру желілерінің 28 тірегінің құлауы анықталды”, – деді министр.
Сондай-ақ министрдің сөзінше, өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 48 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың деңгейінен 20 пайызға аз.