Covid-19: Елімізде жұқтырғандар саны 15877-ге жетті
Қазақстанда кеше коронавирус инфекциясын жұқтырғандар барлық өңірде тіркелді.
Сонымен кеше еліміз бойынша 335 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 59 адам (2,0%) Қарағанды облысында – 37 адам (2,3%) Алматы қаласында – 35 адам (1,1%) Батыс Қазақстан облысы – 29 адам (2,9%) Атырау облысы – 21 (1,6%) Шығыс Қазақстан облысы – 21 (7,6%) Түркістан облысы – 20 (4,3%) Шымкент қаласы – 18 (1,5%) Ақмола облысы – 15 (6,6%) Ақтөбе облысы – 15 (2,7%) Жамбыл облысы – 15 (2,9%) Павлодар облысы – 13 (3,1%) Алматы облысы – 11 (2,1%) Солтүстік Қазақстан облысы – 9 (7,2%) Қызылорда облысы – 8 (1,6%) Қостанай облысы – 6 (2,5%) Маңғыстау облысында – 3 адам (0,7%) тіркелді.
Кеше, яғни, 17 маусым күні өңірлерде 273 адам емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны – 9. Бүгінге дейін ел бойынша 9902 адам жазылып шықты. 97-сі қайтыс болды.