Экономика

Саумал Қытай нарығына шықты

«Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік. Өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық сапалы өнім өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және де ауқымды нарықтардың бірі болып саналады» ,- деп жазды Қазақстан Республикасының Сауда және Интеграция министрі Бахыт Сұлтанов Facebook парақшасында.

Отандық өнім алдымен Ланжоуғаға, одан кейін Бейжіңге жіберіледі екен. Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы 4 провинциясына өнімін экспорттау бар.

«Міне, жеке және мемлекеттік мекемелермен ұзақ бизнес-келіссөздерден, Қытай стандарттарын талдаудан кейінгі Қытайдың «EURASIA INVEST LTD» нарығындағы алғашқы жеңіс, компания ҚХР-ға түйенің құрғақ сүтінен жасалған «Saubota» өнімінің бірінші партиясын жөнелтті. Отандық өнім келіп түсетін алғашқы провинция – Ланжоу, экспорттың келесі станциясысы – Бежің. Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы да 4 провинциясы бар! Біздің министрлік экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған қажетті құжаттарды берген кезде Компанияға қолдау көрсетеді. Компанияға алдағы уақытта табыс тілейміз!» – деп қосты министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button