Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен талқыланды. Қатысушыларға конституциялық реформалардың мәні, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тетіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қозғалды. Жаңа бастамалардың қоғам өміріне, әлеуметтік-экономикалық дамуға және әділетті мемлекет қалыптастыруға ықпалы туралы пікір алмасу өтті.
Кездесу ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай пікір алмасулар азаматтық белсенділікті арттыруға және ел болашағына қатысты ортақ ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.



