Аймақтар

Ұлытау облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші өтті.

 

Іс-шараны облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырды. Кештің басты мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

 

Поэзия кешінде Абайдың өлеңдері оқылып, сазды әндері орындалды. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген қағиданы ұстанған кеште Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және Ассамблея жастары белсенділік танытты.

 

Қатысушылар ақын шығармаларына арналған танымдық викториналарға қатысып, Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Көпшілік шарадан рухани әсер алып, үлкен ризашылықпен тарасты.

 

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өңірде жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button