Жаңалықтар
Қоскөл ауылдық округінде “Жаңартылған Конституция – әр азамат үшін” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызы түсіндіріліп, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылды.
Буклеттерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі жаңалықтар, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған нормалар қамтылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңартылған Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру және әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек ұғынуына мүмкіндік беру.



