01Новости

Мақтааралдықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық көмегін алды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент ауылына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін автокеруен жетті. 180 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тиелген 16 ауыр жүк көлігін Түркістан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы күтіп алды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

#Мақтааралбізбіргеміз! және #ЖүрекЖылуы қайырымдылық шарасы аясында республика бойынша этномәдени бірлестіктер, Ассамблеяның жастары мен еріктілері, ҚХА мүшелері мен меценаттары қатысып, азық-түлік және гигиеналық қажеттіліктер, киім-кешек, құрылыс материалдары, басқа да тауарларды жинады.

Автокеруенді жөнелтуге қатысқан ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев акцияға атсалысқандарға алғысын білдіріп, бұл қолдау – ауызбіршілік пен Қазақстан халқы бірлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button