ЖаңалықтарҚоғамТехнология

Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша 17 мыңнан астам консультация өткізілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кері байланысты жаңғырту мақсатында 2019 жылы Аi.Dana виртуалды консультантын құрды. Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді және бүгінде 17 мың адамға әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша консультация берді.

Виртуалды консультант ҚР Еңбекминінің сайтында, Электрондық еңбек биржасында, сондай-ақ @enbek_bot мекенжайы бойынша Telegram-ботта және Электрондық еңбек биржасының Facebook-тағы парақшасында қолжетімді.

«Министрліктен кері байланыс ұйымдастыру мақсатында біз call-орталық немесе әлеуметтік желілер сияқты дәстүрлі әдістермен ғана емес, одан әрі, жасанды интеллектке қарай жүруді шештік және виртуалды кеңесшіні құрдық. Ол 24/7 режимінде сізбен әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер туралы ақпаратпен бөлісуге дайын. Сапалы кеңес беру үшін оның білім беру қорын толықтырған маңызды екендігі түсінікті. Біз мұндай жұмысты жүйелі түрде жүргіземіз, сондай-ақ бұрын қойылған сұрақтар мен азаматтармен арадағы диалог негізінде өзін-өзі оқытуға мүмкіндік бергіміз келеді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Ai.Dana-ға хабарласу үшін Еңбек министрлігінің сайтында беттің төменгі оң жақ бұрышындағы консультант батырмасына басқан жеткілікті. Осылайша, сіз ҚР Еңбекминінің қызметтерін алуға қатысты кең таралған сұрақтарға жауап ала аласыз. Мысалы, мәзірден «Жұмыспен қамту» бөлімін таңдап, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; жұмыс іздеген адамдарды тіркеу; жұмыс іздеген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу сияқты қызметтер бойынша кеңес алуға болады.

Виртуалды консультантты әзірлеу үшін барынша түсінікті тілде сұрақтар қабылдауға мүмкіндік беретін нейрондық желілер арқылы талдаудың озық технологиясы қолданылды.

Дереккөз: strategy2050.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button