Қоғам

Сирияда соғысқан қазақстандық азамат Австрияда 12 жылға сотталды

Сирияда соғысқан қазақстандық азамат Магомед Арчаковқа терроризммен байланысты қылмыс жасады деп айып тағылып түрмеде 12 жыл мерзімін өтеуде. 

Сот Вена қаласында өтті. Қазақстан билігі экстрадациялау туралы сұрау жолдады, бірақ сұрау қабылданбады.

Магомед Арчаков австрия түрмесінде отырғанына жарты жыл болды. Австрияда тұрған 30 жасар қазақстандық азамат 2019 жылғы маусымда сотталды.

Оған тағылған – террористік ұйымға қатысқан, террористік сипаттағы қылмысты ұйымдастыруға қатысқан айып бойынша 10-20 жылдан өмірлік бас бостандығынан айыруға дейін беріледі.

Австрияға кеткенге дейін Арчаков Теміртау қаласында тұрған. Анасы әлі сол қалада тұрады. Арчаковты білетін теміртаулықтар оны «қарапайым жігіт» деп біледі және өзінің бұрынғы кластасын полиция бағдарларында және БАҚ хабарларламаларында терроризм бойынша жарияланған іздеуде жүргенін көргенде таң қалғандарын айтады.

Кейіннен сот тексеруі барысында Арчаков Сириядағы соғысқа 2013 жылы қызығушылық білдіріп, сол кезде Мәскеу және Стамбул қалалары арқылы Жақын Шығысқа кетті.

Австриялық БАҚ-ндағы айыптау мәліметтері бойынша 2013 жылғы тамыз бен 2015 жылғы қараша аралығында Арчаков Сирияға бірнеше рет барып, “Ислам мемлекеті” террористік тобын ұрандайтын “Эмират Кавказ” террористік тобының қатарында мемлекет президенті Башара Асад әскерлеріне қарсы соғысқа қатысады. Харитан мен Алепподағы соғыс әрекеттеріне қатысады. 2014 жылғы қаңтарда «соғыс әрекеттері шиеленіскен аймақтарға бару үшін» Түркияға  барады. Біраз уақыттан кейін Сирияға қайта оралып, мемлекеттің солтүстігінде болған соғыс нәтижесінде бомбаның сынығымен жараланады. Емделген соң Украина арқылы Австрияға қашып барады.

Тергеу барысында қазақстандық азамат 2015 жылдан бері жалған туу туралы куәлікпен жүргізуші куәлігін көрсетіп Австрияда тұрған екен. Арчаков отбасымен бірге тұрған, ресми түрде ешқайда жұмыс істемеген және ай сайын әлеуметтік төлемақы алған. Сол жерде өзін отанында «діни сенімдері үшін қудалауда жүрген ресейлік азамат» деп хабарлап, тұрақты жер мен қорғауды сұраған.

Оған түрмеде қамауға берілген 12 жылды австриялық БАҚ «неғұрлым жеңіл» және «жазалаудың ең төменгісі» деп атайды.  Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы сайтының мәліметтері бойынша жақын Шығыстағы соғыс аймақтарында әлі де 100-ден астам адам азамат, негізінен Сирия аймақтарындағы жауынгерлер деп көрсетіледі.

Азаттықтың сұрауы бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мемлекет Арчаков Магомедті экстрадициялауды сұрап, сұраудың қабылданбағанын  хабарлаған болатын.

https://www.zakon.kz/5023133-voevavshiy-v-sirii-kazahstanets.html

Басқа жаңалықтар

Back to top button