Қоғам

Блогер АШМ өкілдерімен кездесіп, мәселесін жеткізді

Facebook-те қырыққабатқа фитосанитарлық сертификаттар алудың қиындығы туралы жазған блогер Кирилл Павлов АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марспен кездесті.  Ол Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен мәселенің мән-жайын анықтау үшін жедел Шымкентке барған болатын, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Блогер әлеуметтік желіде жаңа жазбасын жариялады, онда  Мемлекеттік инспекция комитетінің басшысы бастаған арнайы комиссия Шымкент қаласы мен Түркістан облысына елордадан келіп жергілікті инспекцияның жұмысын тексеруге кіріскенін жазды.

«Кеше Алмабек Марс жүк көліктерінің жүргізушілерімен жүздесті. Бүгін біз онымен екі сағат бойы мәселенің шығуы мен шешілу жолдары жайында ақылдастық. Өз тарапымнан білгенімнің барлығын айтып, түсіндірдім. Ол жағдайды мұқият тыңдады, алаңдаушылығы байқалды, бірақ батыл ерік-жігері бар. Бір шешімге келе білетін, ашық адамға мен де көмектескім келеді», -деп жазды автор.

https://www.facebook.com/bejvas?fref=gs&__tn__=%2CdC-R-R&eid=ARAeOp3_QxWAZbu1kWywKNiDa0tDbh4slr3jSh3AENRusuOA2tLHMEMZ_SGckadKxMU7cNXFWbNgjNF3&hc_ref=ARSTXdd97qpLYPfDMCXaWvJYlffTZp58EMKMVskLK1gg0-MEv1vSyYYoa1QSwrgGn7U&dti=382546868574885&hc_location=group

Блогердің айтуынша, комиссия келісімен бірден кедергілерді алып тастап, фермерлерге қырыққабатты сатуға қажетті фитосанитариялық сертификаттарды беру процесін шешу үшін тиісті шаралар қабылдады.

Сондай-ақ К.Павлов: «Сертификат беру рәсімі мүмкіндігінше жеңілдетілген… Тез бұзылатын өнімдерге берілетін құжат 3 сағаттан аспайды. Өткен тәулікте олар 150-ден астам анықтама берді. Қосымша инспекторларды жіберіп, Шымкенттегі штат санын көбейтті. Мақтаарал, Жетісай, Шардара мен басқа да аудандарда олар фермерлер мен жүргізушілерге ыңғайлы мобильді және стационарлық топтар құрады. Қоғамдық бақылау тетіктерін әзірлейтін және комиссияның жұмысына ықпал ететін топтар өз жұмысын бастайды» -деп жазды.

Айта кету керек, осы жылдың 19 мамырында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі БАҚ және әлеуметтік желілерде айтылған агроөнеркәсіптік кешендегі аумақтық инспекциясы қызметкерлеріне түскен шағымдарды тексеру үшін арнайы комиссия құруды бұйырған.

Сонымен қатар, ерте пісетін қырыққабатқа фитосертификаттарды жедел беру үшін министр Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін жаппай жинау кезеңінде уақытша аталған аумақтық инспекциялардың штат санын көбейтуді тапсырды.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғам белсендісіне комиссияның жұмысына атсалысып, ауылшаруашылығы қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, біз АШМ осындай мәселе де қашанда ашықтығымызды  және мұндай ынтымақтастық елдің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытатын болса, медиа қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс жасауға әрқашан дайын екендігімізді мәлімдейміз.

Ақпарат көзі: gov.kz/memleket/entities/moa
Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close