Басты жаңалықҚоғам

15-ші мамырдан Қазақстанның ішкі бағыттарына теміржол билеттерінің сатылымы ашылады

2020 жылдың 1 маусымынан ішкі теміржол қатынастарын кезеңімен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 15 мамырынан Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы ашылады.

Республикаішілік пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан іске қосу жоспарланып отыр.

Пойыздар тізімімен  www.railways.kz сайтынан толық біле аласыздар.

Карантин режимі жағдайындағы жолаушылардың пойыздар ең жүруін және вокзалдар жұмысын регламенттеу бойынша ақпараттар қосымша хабарланатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button