01

Нұр-Сұлтанның жаңа инфекциялық орталығы барлық заманауи талаптарға сай

Қазір орталықта 300-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қысқа мерзімде салынған қалалық жұқпалы аурулар орталығы 3 мамырда жұмысын бастады. Қазір толығымен жұмыс істеп тұр, деді орталықтың директоры Анна Цепке.

Нысан 200 науқасқа есептелген, оның 20-ы реанимациялық және 180 палаталық орын. Бүгінде мұнда 178 науқас бар.

«Орталықтың басты ерекшелігі – лас ауаны пациенттер орналасқан палатаға кіргізбей, дәлізге жіберетін ағынды-сорғылы желдетуінің болуы. Бұл персонал мен аурухана ішінде індет жұқтырудың алдын алады. Нысанның екінші артықшылығы – мұндағы «лас» және «таза» аймақтардың арасы дұрыс бөлінген, яғни науқас пен медициналық персоналдың орналасуы. Осылайша, Нұр-Сұлтанның жаңа Инфекциялық орталығы барлық заманауи талаптарға сай», – деді А.Цепке.

Оның айтуынша, орталықта диагностика жасауға қажетті жағдай бар. Барлық науқасқа компьютерлік томография жасалып, кешенді зерттеулер жүргізіліп, өкпедегі өзгерістер анықталады. Өкіпені жасанды желдету аппараты мен оттегі қолжетімді. Реанимациялық бөлімнен бөлек науқастар оттегі терапиясын алатын арнайы палаталар бар.

Осы күні орталықта 300-ге жуық маман жұмыс істейді, олар дәрігерлер мен медицина қызметкерлері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button