14

 Павлодарда соғыс ардагерлерінің бейнесі бар билбордтар орнатылуда

Павлодар облысында Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлердің суреттерімен 450-ден астам билборд орнатылды. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыстың арамызда жүрген 55 ардагері туралы ролик төрт LED-экранда көрсетіледі.

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнату 24 сәуірден басталды. Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, майдангерлердің портреттері 25 мамырға дейін тұрады деп хабарлады облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы өкілдері. Қалалық бюджет есебінен құрылған және орнатылған 34 билбордта Совет Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің сегіз кавалері бейнеленген. Қалған билбордтарды майдангерлердің туыстары өздерінің соғыста болған әкелерінің, аталарының, ағаларының портреттері бар билбордтарды өз есебінен жарнама агенттіктерімен тікелей жұмыс істей отырып орнатады. Павлодар қаласында 300-ден астам билборд конструкциясы орнатылады. Ал қалған билбордтар облыстың өзге елді мекендерінде  тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button