Басты жаңалықСаясат

Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.


Басқа жаңалықтар

Back to top button