Басты жаңалықТехнология

Қорқыт Ата хикаяларына негізделген компьютер ойыны шығады

Танымал ойын платформасы Steam “URUZ: Return of The Er Kishi” атты ойынның релизін жариялады. Ойын экшн, инди, мифология жанрында. Қазақ тіліне аударғанда “ОРАЗ: Ер Кісінің оралуы” атты ойын Қорқыт Атаның Қазанбектің ұлы Ораз (Уруз) батыр туралы хикаясына негізделген.

Ойынды Berzah Games атты түрік студиясы жасап шығарған. 29 қыркүйектен бастап ашық қолданысқа шығады. Графикалық тұрғыда түркі мәдениетіндегі элементтер және символдар пайдаланылған. Басты кейіпкер айдаһар, шайтан және басқа да зооморфизм элементтерімен шайқасады. Орталық Азия халықтарының тұрмысы, киіз үйі, дәстүрлері, мәдениеті көрініс тапқан. Сондай-ақ Алтай әуендері мен домбыра дауысы да жиі естіледі.

Ойын интерфейсі түрік және ағылшын тілдерінде. 29 қыркүйектен бастап Steam платформасында қолжетімді болмақ. https://store.steampowered.com/app/931000/URUZ_Return_of_The_Er_Kishi/

Басқа жаңалықтар

Back to top button