Спорт

Головкин-Канело жекпе-жектері үздік айқастар рейтингіне енді

Gambling.com сайты Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің айқастарын спорт тарихындағы 101 үздік жекпе-жектің қатарына қосты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Қазақстан мен Мексика боксшыларының бәсекелестігі рейтингтің 91-ші орнына орналастырылған.

«Орта салмақ үздіктері Головкин мен Альварестің тартысы ұзақ уақыт жарнамаланып, 2017 жылдың қыркүйегінде басталды. Сол кезде әлі жеңіліп көрмеген GGG-дің рекорды ерек еді – 37-0-0, оның 33-ші нокаутпен аяқталған. Ал «Канело» Флойд Мейвезерден жеңілгеніне қарамастан, сол кезде спортта енді жұлдызы жана бастаған еді. Текетіреске алғашқы жекпе-жек себеп болды. Головкин мексикалық қарсыласынан 12 раундтың 10-ында басым түскенімен, төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды. Бір жылдан кейін матч-реванш болып, Головкин бірінші рет жеңілді. Ал «Канело» мықтылығын дәлелдеп келеді», – делінген ақпаратта.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close