БілімТехнология

“Цифрлық білім” жобасы қалай іске асады?

Бүгін үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “Цифрлық білім” жобасын таныстырып, жобаның қай бағытта жүзеге асатынын баяндады.

Министр Аймағамбетов ел президенті Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес “Цифрлық білім” ауқымды жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

“Жобаның қандай ерекшелігі бар? Жоба негізгі үш бағытты қамтиды. Біріншісі – базалық цифрлы құзырет. Бұл барлық азаматқа бағытталған. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына күнделiкті өмір үшiн қажет IT құралдарды пайдалану, цифрлық ортaда бағдарлау, қaрапайым ІТ өнімдерін жасау сияқты дағдылар кіреді. Екіншісі – мамaндандырылған ІТ-кадрларды даярлау. Нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, ІТ саласын терең игерген 320 мың маман дайындау көзделіп отыр. Үшіншісі – басқа сала жұмыскерлерін IT құзыретпен ұйқастырып даярлау. Бұл ретте барлық саланың білім алушылары IT құзыретін өз мамандығымен қоса пайдаланатын деңгейде үйренеді”, – деді министр.
Асхат Аймағамбетоватың сөзінше, медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңтану және басқа да салада оқитын студенттер осы цифрлық құзыретті игеріп, пәнаралық маман болып шығады.

“Осы жобаның нәтижесінде терең IT білімі бар жаңа мамандар дайындалады. Аталмыш жобаның аясында жыл сайын 400 мыңнан астам кадр “цифрлық құзыретке” ие болып шығады. Осылайша, 2030 жылы әр деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 миллионнан астам маман даярлайды», – деді Асхат Аймағамюетов.

Сонымен қатар министр цифрлық сауаттылықты 1-сыныптан бастап оқыту керегін атап өтті.

“Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды, одан кейін 5 сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбінесе компьютер пайдалану, офистық қосымшаларды игеру сиақты қарапайым дағдылар беріп, жаңартуды тапап етті. Сондықтан, енді 2021 жылдан бастап, Цифрлы сауаттылық пәні 1-сыныптан бастап еңеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді, 3-сыныптан бастап STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздері оқытылады”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар оның айтуынша, олар IOS, Android операциялық жүйелерін, және Python, С++ сиақты программалау тілдерін үйренеді.
“Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT –лицей ашылды, 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды”, – деді министр.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close