ҚоғамСаясат

Тоқаев азық-түліктің қолжетімділігін қадағалауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен оның халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен оның халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Жұмыспен қамтуды әрі экономикалық белсенділікті қолдау мәселесі аса маңызды мәнге ие. Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар толыққанды орындалуы тиіс» – деді Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы осы тақырыптар 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі қаралатынын атап өтті.

«Бұл міндеттер әр әкімнің ерекше бақылауында болуы керек. Мемлекеттік комиссияға күн сайын жергілікті жерлердегі жағдайды қадағалай отырып, осы тақырыпты үнемі назарда ұстауды тапсырамын. Әкімдіктер өндірушілермен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылды жалғастырғаны жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button