ДенсаулықҚоғамСаясат

Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шараларды жариялайды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

«29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевкоронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады» деп жазды ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button