01Қоғам

8 мың үлескер пәтерлерінің кілтін алады

Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Үлестік құрылыс – күрделі мәселенің бірі. Кей үйлерде қазаншұңқыр ғана болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана бар. Бірақ әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Бүгін, «Қорғалжын орамы», «Триумф Есіл-2», «Тұран Сығанақ» нысандарына бардым. Инвесторлар анықталды. «Қорғалжын орамында» құрылыс жұмыстары қайта басталды. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады», – деді елорда әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button