0115Қоғам

Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған жолының реконструкциясы 60% аяқталған

Қазақстанның солтүстігінде республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жолды реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы басталған болатын.

«Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған» жолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі 60 шақырымын қайта жаңарту жұмыстарын қазақстандық «К-Дорстрой» компаниясы жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жолшылар жол жабындысын жолдың 37 шақырымында ауыстырған. Сонымен қатар, су өткізгіш 22 құбырды және 4 мал өтпесін салу жұмыстары орындалды. Жолдың толық бойында 450-ден астам адам, техниканың 275 бірлігі жұмыс істеуде.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жол Іб және ІІ техникалық санаттарындағы жолға сәйкестендірілмек. Қазіргі таңда жұмыстардың 60% аяқталған. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қозғалыс жыл соңына дейін жол учаскесінің толық бойында ашылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button