Басты жаңалықБілімҚоғам

ҰБТ-ның екінші күні: 261 талапкер ереже бұзды, 19 баланың қызуы көтерілді

22 маусымда республика бойынша 9 748 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды.

22 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 9478 талапкер қатысқан. Оның 2,7 пайызы немесе 261-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 19 талапкердің немесе 0,2 пайызының дене қызуы көтерілген.

Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық баланың 6 553-і немесе 69,1 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 58 талапкер (0,6%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», – дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.

Еске салайық, тестілеудің алғашқы күні 6 186 адам қатысып, 164 талапкер биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Биылғы ҰБТ еліміздің барлық өңірінде 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close