Қоғам

Тоқаев полиция қызметкерлерін құттықтады

Бүгін – Қазақстанда полиция күні. Осы орайда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

“Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!”, деп жазды ол Twittеr парақшасына.

Басқа жаңалықтар

Back to top button