Алматы қаласыҚоғам

Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргінші жолына айналады

Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргінші жолына айналады. Жоба жайлы әкімдік ақпарат берді.

«Біздің қазіргі ұстанымымыз осындай. Ол пилоттық режимде болады, алдымен Алмалы ауданындағы көшелерді жабамыз. Осыдан кейін көрсеткіштерді салыстырамыз. Яғни, ауаның сапасын бақылаймыз, шуды өлшейміз, жаяу жүргіншілердің санын қарастырамыз», – деді онлайн брифинг барысында Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Оның айтуынша, осыдан кейін ғана бұл жобаның тұрақты немесе уақытша болатынына қатысты шешім шығады. «Мүмкін қаланың белгілі бір аудандарында ғана қолданатын болармыз» деп атап өтті басқарма басшысы.

Бұған дейін, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының орталық көшелері демалыс күндері жаяу жүргіншілер жолына айналатынын мәлім еткен болатын.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close