Ақтөбе облысыБасты жаңалықДенсаулықҚоғам

Ақтөбе облысында карантин қайта күшейтілуі мүмкін

«Ақтөбе қаласы мен бірнеше ауданда шектеу шарасы күшейтілді. Соған қарамастан сақтық шарасын ұстанатындар аз. Біз тағы да ескертеміз. Той-садақа жасауға болмайды, адам көп жиналатын жерге бармаймыз. Ауруханаларда өкпенің қабынуы дертімен түсіп жатқандардың 95 пайынынан коронавирус анықталмады. Ал шектеу шарасына келер болсақ, егер жағдай қиындай түссе міндетті түрде шектеу одан әрі күшейтіледі», – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетінін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Оның айтуынша, егер тұрғындау шектеу шарасын ескермесе, қайта күшейту қаулысы шығарылатынын ескертті. «Көрші облыстарда карантин күшейтіп, блокпостар қойылғаны рас. Мұнай жағдай кез келген уақытта бізге келуі мүмкін. Талап сақталмаса, күшейтіледі. Ол жағдай әр салаға кері әсерін тигізуі ықтимал. Әр ортада, ұжымда санитария талабы сақталуы тиіс», – деді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.

Еске салсақ, Ақтөбе облысының әкімдігі ауруханалардағы қазіргі жағдайды айтты.Өңірде өкпенің қабыну дерті артып, 16 адам көз жұмған.

Ілмектер

Бас редактор janalyq.kz

janalyq.kz платформасының бас редакторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close
Close