02Білім

Алматыда жаңа мектеп ашылады

Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданындағы мектептер құрылыстарының қарқынымен танысты.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының бала бақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты.

“Әуезов ауданының тұрғындары көтерген ең өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бүгінгі күні ауданда 5365 орын жетіспейді. 6 мыңға жуық адам тұратын «Мамыр» ықшамауданында 1200 орынды мектеп салынуда. Б. Сағынтаев құрылыс алаңын аралап көрді және қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, құрылыс жұмыстарының барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жаңа оқу жылында салынып жатқан осы мектепті және «Ақсай-3а» ықшамауданындағы №123 мектеп жанындағы 400 орынды қосалқы нысанды пайдалануға беру жоспарланған”, делінген хабарламада.
Бұлардан өзге, ағымдағы жылы бес мектеп жанынан жалпы сыйымдылығы 3550 орынды қосалқы нысандардың құрылыстары басталады. Олар – №6 мектеп іргесіне салынатын 900 орынды, №117 мектеп қасына салынатын 900 орынды, №133 мектеп жанынан бой көтеретін 400 орынды, №132 мектеп іргесіне салынатын 800 орынды және №121 мектеп қасынан салынатын 550 орынды нысандар. Осылайша, Әуезов ауданында мектептердегі орын тапшылығы іс жүзінде оң шешімін табатын болады.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді. Халықтың саны өсуіне орай келер оқу жылында бұл көрсеткіш екі есеге артатын болады. Сондықтан 2020-2021 жылдары 16 жаңа мектеп және 23 қосалқы нысан салу жоспарланған, бұларда шамамен 47,5 мыңы орын болады. Яғни, оқушы орнының тапшылығы 80 пайызға қысқарады. Құрылыс ЖҚЖК, МЖӘ бағдарламалары мен жобалары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша әрі жеке кәсіпкерлікті ынталандыру арқасында қарқынды жүруде.

Бала бақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге тұрғын кешендерін салумен айналысатын кәсіпкерлер көмектесуде. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша ТК салу кезінде әлеуметтік нысандар үшін орындар бөлу міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Бұл білім берудің қалалық мекемелеріне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. «Үш сұңқар» ТК «Ақсай-5» ықшамауданында құрылыс салып жатқан компания 115 орынды бала бақша үшін арнайы орын бөлді.

Ауданда 16584 баланы қамтитын 46 мемлекеттік және 122 жеке бала бақша бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 63 жеке бала бақша жұмыс жасауда. 2019 жылы мемлекеттік (120 орынды) және 25 жеке бала бақша (400 орынды) пайдалануға берілген болатын.

2020 жылы тоғыз жеке бала бақшаларды ашу жоспарланған, бүгінгі күні олардың 178 орынды үшеуі ашылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button