Басты жаңалықДенсаулықҚоғам

Балаева дәрігерлермен міндетті екпе жасау мәселесін талқылады

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медицина мамандары мен сарапшылардың қатысуымен міндетті екпе жасау мәселесін талқыға салды.

Министрдің айтуынша, екпе жасау мәселесі бүгінде өзекті болып отыр.

“Біздің бүгінгі онлайн кездесуіміз қоғамда қызу талқыға түсетін өзекті мәселенің бірі міндетті екпе жасауға арналып отыр. Профилактикалық егулерді енгізуге қатысты “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” заң жобасының кейбір тұстары талқыламақпыз. Мен бұл тақырыпты маңызды болғандығынан емес, еліміздегі әр азамат үшін заңдық тұрғыда түсіндіру қажет болғаны үшін мамандардың қатысуымен кездесу ұйымдастыруды қолға алдық”, – деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаеваның сөзіне сенсек, вакцина салдыруға қарсы азаматтардың вакцинаға емес, вакцинаның сапасына көңілі толмайды.
“Вакцинаға қарсы азаматтардың да пікірі міндетті түрде ескерілуі керек. Шын мәнісінде олар вакцинаға емес, вакцинаның сапасына алаңдайды. Жаңа кодексте біз сапасына жауапкершілікті күшейтіп отырмыз”, – деді ол.
Ал онлайн конференцияға қатысқан Денсаулық сақтау вице-минестрі Людмила Бюрабекова вакцина жұқпалы аурулардан қорғайтын тиімді ең тиім әдіс екенін атап өтті.

“Жақында вакцинация мәселесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Сонымен қатар біз министрлік сайтында бірнеше рет вакцинацияның маңыздылығын түсіндіретін онлайн-кездесулер өткіздік, оларға сарапшылар, парламент депутаттары, дәрігерлер және танымал журналистер қатысты. Бүгінгі кездесу де нәтижелі болады деп үміттенемін, және біз ата-аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап бере аламыз. Айтк керек, вакцинация – жұқпалы аурулардан қорғаудың тиімді әдісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вакцинация жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірін қорғайды. Міне, осының өзі адам денсаулығы үшін маңызды екеніне дәлел болаы алад”, – деді вице-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button