Жаңалықтар

6,5 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін адам Еңбек бағдарламасының қатысушысы болды

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) – 4,5 мың адам орналастырылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 29 адам микрокредит алды, оның 24-сі жеке ісін ашты, 106 адам грант алды.

Сонымен қатар, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жергілікті атқарушы органдар еңбек жағдайлары ауыр, зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектерге арналған жұмыс орындарына жұмыс орындарының санынан екі-төрт пайыз мөлшерінде квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Заң нормаларын жүзеге асыру кезінде Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілді. 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 12 мың адамды жұмысқа орналастыру белгіленген, оның ішінде 3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды (2019 жылы – 4 мың, 2018 жылы – 4,9 мың, 2017 жылы – 2,9 мың).

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен көру, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін 31 арнайы жұмыс орнын құруға 34,3 млн.теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 695 мың мүгедек тұрады, оның ішінде 424 мыңы еңбекке қабілетті жаста (61%), 112 мың адам жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button