БілімТехнология

Ұлттық тестілеу орталығының директоры ата-аналардан кешірім сұрады

Ата-аналар баласының ҰБТ тапсыру процесін онлайн көре алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті.

«Карантинді сақтауға байланысты елімізде адамдардың жаппай жиналауына тыйым салынғанын атам өткім келеді. Бұл ережелерді елеумеу – түлектеріміз үшін қосымша тәуекелдер екенін түсіну керек. Сондықтан, мен алдын ала барлық ата-аналардан кешірім сұрап, оларды түсіністік танытуына шақырамын. Өйткені, оларға Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде болуға рұқсат етілмейді. Ғимарат аумағын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайды. Бірақ, әрбір ата-ана тестілеуді тапсыру процесін онлайн көре алады. Бұл үшін әрбір аудиторияның онлайн көрсетілімі қамтамасыз етіледі», – деді Д. Смағұлов Орталық комуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол онлайн көрсетілім сілтемелері мен ресурстар Ұлттық тестілеу орталығының сайтынды әрі әлеуметтік желілерде жарияланатынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі жайынды түсінік берді.

Карантиндік шектеулерге байланысты елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Ғимаратқа кіргізу кезінде тестіленушілердің арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады. Әр тестіленуші 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button