ТехнологияЭкономика

Astana Hub қатысушысы 100 мың доллар инвестиция тартты

Қазақстандық Kid Security геотрекинг сервистерін әзірлеушісі 100 мың доллар инвестиция тартты. Бұл – Smart Satu, ChocoFamily сынды қазақстандық және басқа да бірқатар жобаларға венчурлық инвестицияларды тартып жүрген инвестор Талғат Исмайылдың бастапқы кезеңдегі инвестициясы, деп хабарлады Astana Hub-тың баспасөз қызметі.

Kid Security жобасы – ата-аналарға өз балаларының қауіпсіздігі үшін бейқам болуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Kid Security балалардың мүдделерін қорғайды.

“Жоба оқудағы жетістіктер, хобби дамыту, үй міндеттерін орындау, эрудиция мен логикаға арналған интерактивті сайыстық онлайн ойындар мен баланы ынталандыру және марапаттау жүйесін ұсынады. Балаларға сыйлықтар ата-аналар мен серіктестердің балаларға арналған ритейл-дүкендерінен келеді”, – дейді жобаның негізін қалаушы Талғат Аяпов.
Жобаның негізін қалаушы Асат Ашамановтың айтуынша, Kid Security жобасына 26 мың адам тіркелген.

“Бүгінде біздің жүйеде 170 мыңнан астам қосымша жүктеуіштері бар. Оның ішінде қазақстандық тұтынушылардың 20% – ы, ресейліктердің 74% – ы және ТМД мен Еуропа елдерінің 6% – ы. Kid Security қызметін іске қосқан сәттен бастап 26 мың пайдаланушы тіркелді. COVID-19 пандемиясы кезінде EdTech онлайн нарығы аса өзекті болды. Онда ең бастысы балаларды технологияға ерекше тәсілмен баулап,ұстап тұру” – деді Асат Ашаманов.

Әзірлеушілердің айтуынша, соңғы 7 айда қызмет Қазақстан, Ресей және Украина сияқты мемлекеттердің сұранысына шықты.

Енді жаңа нарықтарда үдерісті қайталау қажет. Қосымша 11 тілге аударылған. Инвестиция өнімнің технологиялық бөлігін одан әрі дамытуға және АҚШ, Ұлыбритания және Израиль нарығына кеңейтуге жұмсалады. Жоба ТОП-2020 жылдың 15 маусымынан тамыз айына дейін өтетін Аркадий Морейнистің “United Investors” Мәскеу онлайн акселераторына іріктеуден өтті.

“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету -ата-аналардың басым міндеттерінің бірі. Kid Security жобасы осыған ықпал етеді. Компания қызметі бизнес-модельдің әлеуетін кеңейтеді. Қазақстанда әлемдік нарыққа бағытталған ІТ-кәсіпкерлер тобы қалыптасқаны қуантады”, – деді инвестор Талғат Ысмайыл.

Айта кетейік, қазақстандық Kid Security стартапы – Astana Hub IT – стартаптар халықаралық технопаркінің акселерациялық бағдарламаларының қатысушысы. 2018-2019 жылдар аралығында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Мәскеу қалаларында өткен стартап жобалар байқауының жеңімпазы мен жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button