05Қоғам

Ескелді ауданында үшем дүниеге келді -Алматы облысы

Алматы облысының Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылдық округінің 33 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкелді. Сәбидің үшеуі де ұл бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда дәрігерлер балаларға ерекше күтім жасап жатыр. Сәбилерін бауырына басқан Маржан Иманқабылова мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Екі баланы тәрбиелеп отырған жандар енді көп көпбалалы отбасы атанды.

Әзірге үшем мен анасы перзентханадан қашан шығатыны белгісіз. Олар дәрігерлердің бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button