01Мәдениет

Нұр-Сұлтанда жастар арасында онлайн әскери-патриоттық әндер байқауы өтеді

Байқауға қатысуға өтінімдер 5 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 5 және 9 мамыр күндері аралығында «Астана жастары» КММ-нің ресми Instagram парақшасында (@astana_jastary) «Жас Сарбаз» тәбиеленушілерінің арасында онлайн республикалық әскери-патриоттық байқауы өтеді.

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.

Байқауға «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерімен қатар, оқушылар және колледж студенттері қатыса алады.

«Үміткерлер 5 мамырға дейін, jassarbaz.astana@mail.ru электронды мекен-жайына өз орындауындағы патриоттық әннің видеожазбасын жолдауы керек. Видеожазбамен қатар, қатысушының аты-жөні, мектеп (колледж) номері, орындаған әннің аты және авторы белгіленуі керек», – делінген хабарламада.

Видеожазбаға қойылатын талаптар: орындаушы әнді жанды дауыста айтуы керек, орындаушының артында артық заттар болмауы тиіс.

Байқау жеңімпазы, байқау өтіп жатқан парақшадағы (@astana_jastary) видеожазба астына жиналған пікірлер арқылы анықталады.

Қосымша ақпарат пен өзге де қызықтыратын сауалдар үшін +7 707 422 73 96 телефоны арқылы немесе jassarbaz.astana@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button