01Басты жаңалықДенсаулық

Нұр-Сұлтанда авиажолаушылар коронавирусқа тестілеуден қайда өте алады

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын авиажолаушылар COVID-19 коронавирустық инфекциясына теріс нәтижелі ПТР-тестінен (полимеразды тізбекті реакция) өткені туралы анықтаманы өзімен бірге алып жүруге міндетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл анықтама жеті күнге беріледі. Мерзім өткеннен кейін ПТР-тестілеуден қайта өтіп, жаңа анықтама алу қажет. Зертханалардағы барлық зерттеулер азаматтардың өз қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі», – деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтанда тестілеуден өту үшін зертханалар мекен-жайлары мен телефондары:

  1. Нұр-Сұлтандағы «Олимп» КДЛ: Республика даңғылы, 2/1; Гете көшесі, 3; Б. Момышұлы даңғылы, 16; Абылайхан даңғылы, 12/1; Е-10 көшесі, 2 үй; Манкент тұйығы, 2 (мобильді пункт). Тесттер тек 8 701 961 70 08 (WhatsApp мәтіндік СМС) телефонына алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі (http://covid.kdlolymp.kz);
  2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы: Желтоқсан көшесі, 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.

Коронавирус инфекциясының аурушаңдығы өсуіне байланысты елордада «Олимп» КДЛ зертханасы COVID-19-ға ПТР-талдауларды ақылы негізде іске қосты.

Тестілеуге қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады. Сауалнама автоматты түрде «Олимп» КДЛ зертханаларына түседі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады.

Хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қалаларына әуе рейстері рұқсат етіледі. Рейстер санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларымен, жолаушылардың аз санымен және салонда ерекше қашықтықта отырғызумен жүзеге асырылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button