ДенсаулықҚоғам

Елімізге шетелден келген азамат 2 тәулік бойы оқшауланып, тексеріледі

Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19 бойынша зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында жазылған.

Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстер келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді:

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін, авиакомпаниялар экипаждарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етуі керек. C

OVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатпайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button