13Қоғам

Түркістанда 89 тұрғын үй бюджет есебінен салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Өңір басшысы тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін көріп шықты.

Құрылыс жұмыстарының сапасын тексерген аймақ басшысы мердігер компания өкілдеріне құрылыс қарқынын жылдамдатуды тапсырды. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді міндеттеді. «Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес.

Жұмыс барысының маңызы мен жауапкершілікті сезіне білу қажет. Біздің тарапымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар»,-деді өңір басшысы.

Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9,12 қабатты 89 тұрғын үйдің құрылысы бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 баспана, яғни 1452 пәтерлі үйді тапсыру жоспарланған.

450 пәтер бірінші кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.

Дереккөз:inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button