ЖаңалықтарҚоғам

Шетелдегі қазақстандықтар call-орталықпен онлайн байланыса алады

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1414 тегін қоңырау шалу үшін пайдаланушы egov.kz порталына кіріп, төменгі оң жақ бұрыштағы «Виртуалды кеңесші» виджетін басу қажет. Қалқымалы терезеде құлаққап түріндегі белгіге басып, қоңырау шалу керек. Виртуалды кеңесші арқылы оператормен байланыс жасау үшін микрофон және құлаққаптың болуы міндетті.

«Бізге басқа елдерде жүрген азаматтардан өтініштер жиі келіп түскен еді. Осыған орай 1414 call-орталығының операторларымен интернет арқылы қосылу мүмкіндігін қарастырып, бүгін іске қостық. Интернеті бар адам 1414 кеңесшісімен хабарласып, бар сұраққа жауап ала алады. Сондай-ақ, кеңесшімен әңгімесу барысында көлемі 20 мегабайттан аспайтын кез келген форматтағы файлдарды тіркеу және жіберу мүмкіндігін қарастырдық», – деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

1414 байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін және сенбі, жексенбі күндері 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Төтенше жағдай кезінде байланыс орталығының жұмысына ХҚКО-ның 2000-нан астам қызметкері жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button