ЖаңалықтарҚоғам

Нұр-Сұлтан – Алматы әуе рейсінің жолаушылары коронавирусқа тест тапсыруы қажет болады

Нұр-Сұлтан – Алматы әуе рейстері арқылы қатынайтын жолаушылардың өздерімен бірге COVID-19-дың бар-жоғын анықтау үшін ПТР тестінен өткені және оның теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтамасы болуы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Аталған анықтаманың мерзімі – жеті күн. Жарамдылық мерзімі аяқталған соң, ПТР тесті қайтадан тапсырып, жаңа анықтама алу керек. Барлық зерттеу тестті азаматтар өз қаражаты есебінен, ақылы негізде жасатады», – деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Нұр-Сұлтанда тест тапсыруға болатын зертханалардың мекен-жайлары мен телефондары:

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай хан даңғылы 12/1,

– Е-10 көшесі 2 үй,

– Манкент т. к. 2 (мобилді пункт). Тест 8 701 961 70 08 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу).

Коронавирус инфекциясы індетінің көбеюіне байланысты елорданың «Олимп» КДЗ зертханалар желісінде COVID-19 ПТР талдауды ақылы негізде жасауды іске қосты.

ПТР-тестілеу адамның ағзасындағы РНҚ вирусын анықтайды, бұл коронавирустық инфекцияның диагнозын зертханалық растау үшін қажет.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе рейстері ашылады деп хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button