Спорт

Игорь Сон ауыр атлетикадан әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус індетіне байланысты бірқатар жарыстар шегерілген соң, әлемдік рейтингті жаңартты деп жазады Olympic.kz. 

55 келідегі Игорь Сон рейтингте 2-ші орында тұр. 81 келіде Нижат Рахимов 19-шы, Денис Уланов 23-ші орында.

109 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Ибрагим Берсанов 16-шы сатыда.

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Зулфия Чиншанло 8-ші орынға табан тіреді.

71 келіге дейінгі салмақта Екатерина Быкова 24-ші, 81 келіге дейінгі салмақта Раушан Мешітханова 27-ші орында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button