Басты жаңалық

Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Лесбеков шекара ашылған соң, әуе рейстері қай елдерге ашылатынын ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі жанындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Пандемия басынан бастап халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылды. Бұл барлық халықаралық рейстердің 98 пайызын құрады. Коронавирус пандемиясын таратпау мақсатында ведомствоаралық комиссияның отырысында сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып, бірнеше бағыт бойынша халықаралық әуерейстерін қайта ашу бойынша тапсырма берілді», – деді ол.

Т.Лесбеков бірінші кезеңде ашылатын әуерейстерін атап өтті.

«Эпидемиологиялық жағдайдың классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Қытай кірді. Аталған мемлекеттердің авициялық басқармаларымен әуерейстерін қайта бастау мүмкіндігін енді пысықтап жатырмыз. Сыртқы істер министрлігіндегі әріптестеріміз шетелдік және біздің азаматтарымыздың шекарадан өту бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Себебі, кейбір елдердің шекарларында шектеу бар. ДСМ жолаушыларды тасымалдау мен санитарлық талаптарды бекітеді», – деді ол.

Сонымен қатар,бұл әуерейстерінің ертеңнен бастап ашылып кетпейтінін айтты.

«Екінші кезеңде Түркия, АӘБ, Германия және Чехия қарастырылады. Бұл айтылған рейстер эпидемологиялық жағдайға байланысты келісулер біткеннен соң ашылады. Рейстердің ашылуы бойынша қосымша хабарлаймыз», – деді ол.

Дереккөз: strategy2050.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button