Басты жаңалықЖаңалықтар

Президент Екібастұздағы пәтерлердегі температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және нысандарда температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

“Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдау қажет”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Екібастұзда жыл басынан бері бірқатар үйде жылу бірнеше рет өшті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button