Басты жаңалықЖаңалықтар

Талдықорғанда 4 жасар бала жол апатынан қаза тапты

Талдықорғанда жол апаты болып, 4 жасар бала қаза тапты, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser көліктері соқтығысып, 4 жасар бала қаза тапты. Апаттан 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы зардап шекті, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

BMW 530 көлігін 42 жастағы жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды, ол Рақышев көшесінде ВАЗ-2114-пен соқтығысып, сонымен қатар, тұрақта тұрған Toyota Сhaser көлігін соққан.

Медициналық куәландыруға сәйкес, неміс көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды. Соталды тергеу басталды.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Оны блогер Сандуғаш Дүйсенова түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button