Басты жаңалықЖаңалықтар
Талдықорғанда қарт әйелді көлік қағып кетті
Жол апаты 1 қазанға қараған түні Талдықорған маңынан өтетін Алматы-Өскемен автожолында орын алды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.
Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше, 65 жастағы Toyota Hiace жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен.
«Болжам бойынша әйел 60-70 жаста. Жүргізушінің айтуынша, азаматша жол бойында отырған.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Полицейлер қайтыс болған адамның жеке басын анықтауда», – деп жазды ведомстводан.