Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыға соғылып, бір адам мерт болды

Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл автокөлік жылқымен соқтығысып, бір адам мерт болды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

«Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында Toyota Crown автокөлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылған.

27 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір тергеу жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button