Басты жаңалықЖаңалықтар

Саудада доллар құлдырады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы күндізгі саудада сәл төмендеп, 476,20 (-0,39) болды, деп хабарлайды janalyq.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 7,82 теңгені (-0,64) құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,20 (+0,09) деңгейінде тоқтады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк бағамды 482,92 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңге, еуро 486-491 теңге, ресей рублі 7,3-7,77 теңге аралығында сатылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button