Басты жаңалықЖаңалықтар

Премьер-министр «Зерде» холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Зерде» холдингін тарату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды janalyq.kz

2022 жылғы 5 тамызда Қазақстан үкіметі «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ны таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланады, – делінген үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Биыл сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингінің тиімділігін жеткіліксіз деп танып, оны реформалау туралы тапсырма берген еді.

Келесі күні Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин холдингті таратуды ұсынды. Бұдан кейін министрлік холдингтің рентабельсіздігін, «ҰАТ» АҚ-ның бюджеті мен қаржылық жағдайына тәуелділігін, басқарушы холдинг пен еншілес компанияларды ұстауға бөлінген қаражаттың пропорционалды емес екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button