Басты жаңалықЖаңалықтар

Нұр-Сұлтан-Уфа рейсі 8 шілдеден бастап ашылады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды janalyq.kz

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсі 8 шілдеден бастап ұшырылады.

8 шілдеден бастап ресейлік «Азимут» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша аптасына жұма күндері бір тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Ұшулар RRJ-95 ұшағында орындалады, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button