Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматының даму жоспары қыркүйекке дейін бекітіледі

Алматы Қоғамдық кеңесінің бастамасы бойынша қала әкімінің қатысуымен қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы талқыланды, деп хабарлайды janalyq.kz

Даму жобасын қала билігі 40 сарапшымен бірлесіп әзірледі, оған урбанистер, сәулетшілер, құрылысшылар және басқалар кірді, 1 шілдеге дейін құжат жалпы талқылауда болды. Қала тұрғындары оған қосымша ретінде 1280-ге жуық ұсыныстар мен түсініктемелер жіберді.

Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы 27 маусым мен 1 шілде аралығында жалпы талқылауда болды. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары 1280 ұсыныстар мен түсініктемелер жіберді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қазіргі сыртқы және ішкі сын-қатерлер алдағы жылдарға арналған жоспарларды елеулі түзетуді талап ететінін айтты.

Қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз анықтаған ұсыныстар мен толықтырулар қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспарын және оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Біздің басты мақсатымыз – мегаполистің барлық тұрғындарының өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, жайлы, инклюзивті және қауіпсіз қалалық ортаны құру. Мақсаттар мен міндеттер қалалықтардың сұраныстарына негізделе отырып, нақты және түсінікті KPI түрінде қалыптасты, – деді Ерболат Досаев.

Алматыны дамыту жоспары келесі 2 айда 5 қыркүйекке дейін бекітіледі. Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасы танысу үшін Алматы Даму орталығының сайтында қолжетімді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button