Қоғам

Терроризмді насихаттаудан айыпталушы Жусупбеков Батыр есімді респондентпен сұхбат

(Аты-жөні өзгертілген)

 – Батыр мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз, жасыңыз, біліміңіз, туып-өскен жеріңіз, отбасылық жағдайыңыз?

Мен Жусупбеков Батыр 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. Қарапайым отбасынанмын. Білімім – орта.

– Қай уақыттан бері жазаңызды өтеудесіз және қандай айыптаулар бойынша жазаға тартылғаныңыз туралы айта кетсеңіз?

Мен негізі қазіргі уақытта қылмыстық екі бап бойынша жазамды өтеудемін, яғни терроризмді ашық түрде насихаттау және оған шақыру, келесі діни алауыздықты қоздыру баптары негізінде сот шешімімен 6 жылға сотталдым. Шыны керек, бұрын да кісі өліміне қатысым болып, 7 жылға сотталып, жазамды өтеп шыққан болатынмын.

– Қысқаша өзіңіздің отбасыңыз туралы айта кетсеңіз…

Үйленгенмін, екі балам бар. Үлкені 8 жаста, кішісі 4 жаста. Ағайындарым мен анам Атырау қаласында тұрады.

– Намаз оқуға деген ниетіңіз қашан пайда болды деп ойлайсыз?

Намазды мен 2006 жылы түзету мекемесінде жүрген кезімде бастадым. Сол жердегі басқа намаз оқитын бауырлардың ықпалы болды ма, сол кісілерден үйрендім ғой.

Мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арыз жазып көрмедіңіз бе?

Иә, жазған болатынмын. Осы уақытқа дейін 3 рет бас бостандығымнан айыруды шектеуге алмастыру бойынша арыз бергенмін, бірақ себептерге арымызды қабылдамады.

– Діни білімді қайдан және кімнен алдыңыз?

Бастапқы кезде Ринат Абу Марьямды, кейін Ділмұрат Махаматовтың уағыздарын жиі тыңдадым. Құраннан 30-шы бөлімін, яғни парасын жаттағанмын. «Тәжуид» қағидаларын меңгергенмін, өз бетіммен. Негізі мақсатым- араб тілін үйрену.

Өзіңіздің бастан кешкен оқиғаңыздан қандай сабақ алдыңыз? Айтар ақыл-кеңестеріңіз бен өзіңіздің жеке қалауыңыз болса…

Бастапқыда бәрі дұрыс, бәрі керемет болып көрінгенімен, уақыт өте өзіңнің адам танымастай болып өзгергеніңді білмей қаласың. Соқыр сенімнің зардабы осы деп ойлаймын. Бәрін жоққа шығару, бәрін жек көріп, ішің ашу мен ызаға толып кетеді. Нағыз ислам олай емес қой негізі. Жастарға айтарым, діни білімді арнайы мекемелерден, мешіттерден, муфтияттың ғалымдарының уағыздарынан, дәрістерінен алса деймін. Түзету мекемесінің кітапхана қорын араб тілі грамматикасына қатысты мединалық тәсілмен үйрететін кітаппен толықтырса деймін. Сонымен қатар, бас бостандығын айыру жазасының қалған бөлігін шектеуге алмастыру туралы қалауым бар.

– Сұхбат бергеніңізге ризашылығымды білдіре отырып, сізге ескертпе насихат айтуға бейне таспаға түсуге келісім бере аласыз ба?

– Иә, қарсылығым жоқ, келісемін. Сізге де рахмет!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button