Қоғам

Терроризмді насихаттаудан айыпталушы Воронцов Николай есімді респондентпен сұхбат

(Аты-жөні өзгертілген)

– Николай мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз, жасыңыз, біліміңіз, туып-өскен жеріңіз, отбасылық жағдайыңыз?

– Мен Воронцов Николай 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында дүниеге келгенмін. Орта білімдімін. Үйленгенмін.

– Жаза өтеу бойынша сізге қандай айыптар тағылып отыр?

Маған жалпы төрт бап негізінде терроризмді насихаттау және оған шақыру, діни алауыздық тудыру және қоздыру, негізгілері – осылар. Сот шешімімен 6 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Осыған дейін де кісі өлімі бойынша істі болып 2005-2009 жылдар аралығында жазамды өтеп шыққан болатынмын. Қазіргі кезде айтып кеткенімдей Қазақстан аумағында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын насихаттаумен және т.б. айыптаулар бойынша жазамды өтеудемін.

– Сот шешімімен бостандыққа шығатын уақытыңыз қай уақыт деп белгіленді?

Жазамды өтеу туралы сот үкімі 2016 жылдың ортасында тағайындалды. Ал, жазамның аяқталу мерзімі 2022 жылы бітеді деген үміттемін. Өзім осы түзету мекемесіндегі «Шанс» цехында жұмыс жасаймын.

– Ислам діні туралы, исламға қатысты уағыз-насихаттар туралы ақпараттарды қайдан алдыңыз?

  • Жүйелі діни сауатым жоқ, осы уақытқа дейінгі жинаған ақпараттардың басым бөлігі интернет арқылы тыңдағанмын. Кезінде интернеттен, әр түрлі әлеуметтік желілердегі Надир абу Халид, Сулейман ибн Насыр ибн Абдуллах аль Ульван, Абу Умар Саситлинский, Абу Амин ат-Тиваки, Ахмед Мединский сынды насихатшылардың дәрістерін тыңдағанымды жасырмаймын.
  • Біраз уағызшыларды тыңдаған екенсіз, осы уағыздардан кейін сіздің діни күйіңіз қалай өзгерді? Құраннан қанша сүре жатқа білесіз?

Бар болғаны өкінішке орай тек 9 ғана сүрені жатқа білемін. Діни насихаттардың барлығын және солардың айтқандары ғана дұрыс екен деп қабылдап, санамды әр түрлі негізсіз дін туралы мәліметтермен улап тастағанымды, әрине кейін біле бастадым. Менің түсінігімде діни мәселелер, діни үкімдер шектен тыс қаттылықпен өлшенеді деген сенім қалыптасқан. Солардың қалыптастырған уағыздары санамда діни сенім деген ұғымға өзімше мағына беріп және тура мағынасында амал қылдым.

  • Сіз жоғарыда атаған уағызшылардың барлығы теріс діни ағым өкілдерінің уағызшылары екенін түсіндіңіз ғой?
  • Иә, әрине. Кеш болса да түсіндім. Оларлы түсініуіме, осы жазамды өтеуде бізбен жұмыс істеп жүрген теолог мамандардың ықпалы тиді деп ойлаймын.
  • Теолог тарапынан қандай діни мәселелер негізінде кеңес алғыңыз келеді?
  • Мені мазалаған діни сұрақтар көп, оларға «Хиджра жасау дегеніміз не?»,  «Кәпірлікпен адамдарға үкім беру», «Қылмыс жасаған адамды неге шариғат заңымен жазаламайды?» және т.б. адасушылыққа апарған діндегі нәзік мәселелерді туралы білгім келеді және кейбір мазалаған сұрақтар бойынша жауап та алып жатырмын.
  • Николай мырза, қойылған сұрақтарға жауап бергеніңізге рахмет!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button